АҚШ-тың шығысында тасқын қаупі күшейді
АҚШ-та толассыз жауған жауыннан бірқатар аймақты су басу қаупі күшейді. Осыған байланысты Кентукки штатында төтенше жағдай жарияланды. Лорел округінде қазірдің өзінде жолдарды су шайып кеткен.
Сондай-ақ Теннеси, Батыс Вирджиния, Арканзас тұрғындарына жауыннан төнген қауіп жайлы хабарландырылды. Ұлттық метеорология қызметінің алдын ала болжамы бойынша жаңбырдың арты алапат тасқынға ұласуы мүмкін. Зерттеушілер бұл құбылысты Арктикадағы суық ауа райымен байланыстырады.