Кофе бағасы шарықтап тұр
Кофенің әлемдік нарықтағы бағасы күрт өсті. Өткен айда рекордтық көрсеткішке жетті. Дүниежүзілік кофе ұйымының дерегі бойынша бір фунт кофе дәнінің орташа құны қаңтарда 310 долларға жеткен. Бұл теңгемен 153 мыңдай болады. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 76%-ке көп.
Бағаның күрт қымбаттауына ауа райының қолайсыздығы себеп. Кофе өндіруші ірі елдерді құрғақшылық жайлап, оның өнімділігі төмендеген. Бразилия кейінгі 70 жылда болмаған құрғақшылыққа тап болды. Ал Вьетнам жауын-шашын мен су тасқынынан зардап шекті.