Қытайда алтын қымбаттады
Қытайда алтынға сұраныс күрт өсті. Елде құнды металдың бағасы бір күнде 420 теңгеге қымбаттады. Тұрғындар осыған қарамастан жаппай сатып алып жатыр. Әсіресе айдаһар пішінді алтын құйма іздейтіндер көбейді. Бағаның өсуі елдегі алтынды қайта өңдеу қызметін де ынталандырып отыр.
Дәл қазір инвестициялық алтынның бір грамы 50 мың теңгеден асты. Ал әшекей бұйымдар 62 мыңға жуықтады. Нарықтағы сатылым көрсеткіші жылдағыдан 30%-ке артқан. Сарапшылар мұны елдегі Көктем мерекесімен байланыстырады.