Израиль 369 палестиндік тұтқынды босатты
Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісім аясында 369 палестиналық түрмеден босап шықты.
Олардың 12-сі Иордан өзенінің батыс жағалауына, қалғандары Газа секторына жеткізілді. Бұл шаралардың сәтті жүзеге асуын Халықаралық Қызыл Крест ұйымы қадағалып отыр. Еске сала кетейік, осыған дейін тараптар АҚШ, Египет және Катардың араағайындық етуімен алты апталық бейбіт келісімге келген болатын. Жоспар үш кезеңнен тұрады, біріншісі 42 күнге созылады. Келісім шартына сәйкес, израильдік 33 тұтқын, 1900 палестиналықтың орнына босатылуы тиіс.