Starlink жерсеріктерінің келесі бір тобы ұшырылды
SpaceX компаниясы Орбитаға тағы 21 шағын Starlink жасанды жерсерігін сәтті шығарды.
Оларды "Фалкән-9" зымыран-тасығышы АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан алып ұшты. Бұл ғаламдық интернет желісін құруға арналған жобаның жалғасы. Ол 12 мың жасанды жер серігінен тұрады. Ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін 7,6 мың жерсерігі ұшырылған. Соның 6,9 мыңы жұмыс істеп тұр. Спутниктік интернет Қазақстанды қоса алғанда 72 елдің пайдаланушыларына қолжетімді.