Ресейде полицейлер электрлі самокатпен жүретін болды

Ресейде полицейлер электрлі самокатпен жүретін болды

Ресейде полицейлер электрлі самокатпен жүретін болды.

Краснодар өлкесінде осындай пилоттық жоба іске қосылған. Тиімділігін көрсетсе, өзге өңірлерде де қолданылуы мүмкін. Бастама авторлары самокат тәртіп сақшыларының түрлі жағдайда тез әрекет етуіне көмектеседі дейді. Өйткені онымен тар және кептеліс жиі болатын көшелермен қозғалу ыңғайлы көрінеді. Самокат берілмей тұрып полицейлер арнайы оқудан өтіп, тест тапсырады. Бүгінде мұндай тәжірибе Германия, Нидерланд, Франция, Испания мен Сингапурде қолданылады.