Израиль тұрғындары тұтқындағы туыстарын қайтаруды талап етті
Мыңдаған израильдік Тель-Авивте үкіметке қарсы жаппай наразылық ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.
Олар биліктен уақытша бітім аяқталғанға дейін ХАМАС қолындағы барлық кепілге алынған адамдарды қайтаруды талап етті. Өйткені олар тараптар арасындағы келісім күшін жояды деп қорқады. Оған себеп те бар. Өткен аптада келісім бұзылу алдында сәл-ақ тұрған. Дегенмен қайта қалпына келіп, ХАМАС 3 адамды босатты. Ал, Израиль 369 палестиналық тұтқынды қайтарды. Жалпы келісімнің бірінші кезеңінде 1900 палестиналық және 33 израильдік босатылуға тиіс.