Рим папасының денсаулығы нашарлады
Рим папасы Францисктің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24kz.
Осыған байланысты дәстүрлі жексенбілік уағызға қатыса алмады. Бұған алаңдағандар көп. Өйткені ол осыған дейін хал үстінде жатса да, жоспарланған діни рәсімдерді қалдырмайтын. 88 жастағы понтифик денсаулығы нашарласа да, өз қызметін жалғастыруға дайын екенін білдірді. Оның бұрыннан тізе ауруы мен бронхитке шалдыққаны белгілі. Сондықтан ол мүгедектер арбасын немесе таяқты жиі пайдаланады.