АҚШ-тан қудаланған үнді азаматтары еліне жеткізілді
АҚШ-тан депортацияланған жүзден астам үнді азаматы Пенджаб штатына жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Оларды Амритсар қаласында жергілікті билік өкілдері қарсы алып, туған аймақтарына жіберді. Осыған дейін 104 мигрант елге оралған болатын. Жалпы 20 қаңтардан бері АҚШ-тан 6 мыңға жуық заңсыз мигрант жер аударылды. Олардың дені Мексика, Гватемала, Венесуэла, Гондурас, Сальвадор және Латын Америкасының азаматтары.