Әлемде какао қоры күрт төмендеді

Лондон халықаралық биржасында өнім қоры Intercontinental Exchange 21 мың тоннаға дейін азайған, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр биржада 100 мың тонна өнім болған. Какао өсіруші ірі елдерде Кот-д'Ивуар мен Гананы құрғақшылық жайлап, екі жыл ішінде какао бағасы үш есе өсті. Былтыр желтоқсанда әр тоннасы 12 мың долларға сатылды. Сарапшылар мұның бәрі шоколад бағасына да әсер ететінін ескертеді. Кейбір өңірде оның құны 30 пайызға дейін өсуі мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, какао Батыс Африканың 44 аймағында өндіріледі.