Кентукки штатында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың оңтүстігінде нөсер соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Кентукки және Теннесси штаттарын су басып жатыр. Тіпті Кентукки аймағының шығысында төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше үй мен ғимаратты су шайып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Метеорологтар аймақтағы ахуал тіптен қиындауы мүмкін деп ескертті. Желдің екпіні күшейіп, қар жауады деген болжам бар.