ДДСҰ: Былтыр маймыл шешегінен 272 адам қайтыс болды
Былтыр Mpox маймыл шешегінен 272 адам қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.
Көбі жасы 15-ке толмаған балалар. Ал әлем бойынша жұқтырғандар саны 125 мыңға жуықтаған. Бұл мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірді. Жалпы Mpox 100 елде анықталған. Науқастардың жартысы Орталық және Шығыс Африкадағы Конго Демократиялық Республикасы, Бурунди, Уганда мен Кения тұрғындары. Негізінен адамдар бұл вирусты өлген жануарлардан, науқастармен ортақ заттарды тұтыну және жыныстық қарым-қатынас кезінде жұқтырған. Сарапшылар індеттен қорғану үшін алдына ала екпеу салдыруға үндейді. Mpox-тың алғашқы белгілеріне тұмау, жоғары температура, бас ауруы және бұлшықеттің әлсіреуі жатады.