Илон Масктың компаниясы жаңа жасанды интеллект жасап шығарды
Америкалық бизнесмен Илон Масктың xAI компаниясы Grok 3 деп аталатын жаңа чат-бот шығарды, деп хабарлайды 24kz.
Миллиардер бұл нейрожүйені әлемдегі ақылды жасанды интеллект деп атады. Жаңа модель компанияның уеб-сайтына және ұялы қосымшасына орнатылмақ. Оны қолдану тегін болады.