АҚШ-та бір аптада 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
АҚШ-та бір аптада 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл президент Дональд Трамптың үкімет құрылымындағы басы артық бюрократияны азайту және бюджет ақшасын қысқарту жарлығымен байланысты. Бір ғана Ішкі істер министрлігінде 2,5 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер орнын босатты.
Бұдан бөлек, Энергетика, Денсаулық сақтау және Білім беру министрліктерінің мыңдаған адам қысқартуға ұшыраған. The New York Times газетінің хабарлауынша, Трамп алда тағы 50 мыңнан астам америкалықты жұмыстан қумақ. Мемлекеттік қызметкерлерге қазірден өз еркімен қызметтен кетуге және 8 еңбекақы көлемінде өтемақы алуға ұсыныс жасалып жатыр. Трамп қызметкерлерді қысқарту мәселесін миллиардер Илон Маск басқаратын Тиімділік департаментіне жүктеген.