Ресей мен АҚШ делегациялары Эр-Риядта келіссөздер өткізеді

Ертең Ресей мен АҚШ делегациялары Сауд Арабиясында кездесу өткізеді. Тиісті ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.

Эр-Риядтағы басқосуға Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қатысады. Ал АҚШ атынан бүгін Сауд Арабиясына мемлекеттік хатшы Марко Рубио келіп жетті. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру және Украинадағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер өткізу мәселесін талқылауы мүмкін.