Оңтүстік Кореяда DeepSeek бұғатталды
Өйткені жергілікті билікте қытайлық чат-боттың жұмысына қатысты сұрақтар туындаған. Әсіресе қолданушылардың жеке мәліметтерін жинау әдісі бойынша. Сондықтан нейрожүйе жұмысы жергілікті заңға сай реттелген соң пайдалануға берілмек. Бұған дейін DeepSeek Италияда да бұғатталған еді. Ол қолданушылардың жеке мәліметтерін қорғау үшін жасалды.
Айта кетейік, жасанды интеллект негізіндегі DeepSeek чат-боты нарықта өткен айдың басында пайда болды. Сарапшылар ол ChatGPT-ге бәсекелес бола алатынын айтады. Қазір әлемде оған қызығушылық жоғары.