Торонтода жолаушылар ұшағы құлады
Канаданың «Дельта Эйр Лайнз» ((Delta Air Lines)) әуе компаниясының ұшағы Торонто Пирсон әуежайына қонған кезде аударылып түсті.
Кейін отқа оранды.
Апаттан 18 адам жараланды. Ресми дерек бойынша ұшақта 76 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Билік зардап шеккендер арасында 1 бала бар дейді. Әзірге апат себебі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр. Бұл әуежай маңында кеше бұрқасын соғып, аяз орнап, 22 сантиметрге дейін қалың қар жауған.
Дебора Флинт, Торонто Пирсон халықаралық әуежай президенті:
"Ұшақтағы 80 адамның 22-сі Канада азаматтары. Қалғаны шетелдіктер. Бақытымызға орай, қайтыс болғандар жоқ. Жараланғандар жақын маңдағы ауруханаларға жедел жеткізілді. Тергеу амалдары әлі бірнеше күнге созылады."