Рим Папасы ауруханада емделуін жалғастырады

Рим папасы Франциск ауруханадан әзір шықпайды.

Өйткені тест нәтижелері оның жағдайы нашар екенін көрсеткен. Енді дәрігерлер емдеу тәсілін өзгертуге мәжбүр.

88 жастағы понтифик өткен аптада тыныс алу жолдарының инфекциясымен ауруханаға түскен еді. Сол себепті оның қатысуымен жоспарланған бірқатар іс-шаралар өтпей қалды. Понтифик Рим католик шіркеуін 12 жылдай басқарып келеді. Жас кезінде оның өкпесінің бір бөлігі алынып тасталған. Сол себепті ол тыныс алу жолдары ауруына жиі шалдығады және тізесі ауыратындықтан көбіне арбамен қозғалуға мәжбүр.