Боливияда автобус апатынан 31 адам қаза тапты
Боливияның оңтүстігінде автобус 800 метрлік құзға құлап, 31 адам қаза тапты.
Тағы 15-і жараланған. 2 баланың халі ауыр.
Қайғылы оқиға Потоси департаментінде болды. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Сондықтан билік құрбандар қатары өсуі мүмкін дейді. Алдын ала ақпарат бойынша жүргізуші жоғары жылдамдықпен жүргендіктен рөлге ие бола алмай қалған.