В. Зеленский Түркияға ресми сапармен барды
Украина президенті Владимир Зеленский түркиялық әріптесі Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесу үшін Анкараға ресми сапармен барды.
Зеленскийді Ердоған шақырған. Бұл туралы «Рейтер» және «Ассошиейтид Пресс» агенттіктері хабарлады. Тараптар келіссөздер барысында екі жақты стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және әрі қарай нығайту мәселелерін талқылайды деп жоспарланған. Ал Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сауд Арабиясының астанасына табан тіреді. Осының алдында Ақ үй басшысы Дональд Трамп Владимир Путинмен Эр-Риядта кездесуіміз мүмкін деп мәлімдеген болатын. Зеленский ол жиынға қатысудан бас тартқан.