Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері аяқталды
Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері аяқталды. Тараптар Украина мәселесін талқылап, ондағы ахуалды реттеу бойынша тағы кездесуге уағдаласты. Бұл туралы Ресей Президентінің көмекшісі Сергей Ушаков мәлімдеді.
Ол Мәскеу мен Вашингтонның екіжақты дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге келіскенін де айтты. Келер аптада Владимир Путин мен Дональд Трамптың жолығуына қатысты нақты мәлімет жоқ екенін айтты.
Жалпы Эр-Риядтағы бұл басқосу – кейінгі 3 жылда Ресей мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейде өткен алғашқы келіссөз. Жиын 4,5 сағатқа созылды. Көрші ел делегациясының құрамында Сергей Ушаковтан бөлек, сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар. Америкалық делегацияны мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап барды. Сондай-ақ президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майк Уолтц пен АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы уәкілі Стив Уиткофф болды.