Египет Газа секторын қалпына келтіру жоспарын әзірлеп жатыр

Египет Газа секторындағы халықты ешқайда көшірмей-ақ өңірді қалпына келтіру жоспарын дайындап жатыр.

Бұған дейін Дональд Трамп аймақты өз бақылауына алып, тұрғындарды маңайдағы елдерге көшіруді ұсынған. Бірақ Мысыр елі Газада қауіпсіз аймақ құруды көздейді. Халықаралық құрылыс компаниялары инфрақұрылымды қалпына келтіргенше, палестиналықтар сонда тұрады. Бұл жергілікті жұртты баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, мыңдаған жұмыс орнын ашуға көмектеседі.