Жапонияда күріш екі есе қымбаттады

Жапондардың ең көп жейтін тағамы күріш бір жылда екі есе қымбаттады. Былтыр бір келісінің орташа бағасы біздің ақшамен 1300 теңге болатын.

Ал қазір 2 жарым мың теңгеге сатылып жатыр. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Содан аз өнім жиналған. Былтыр жаһандық жылыну салдарынан Жапониядағы егіс алқаптарында күріштің танымал сұрпы – «Коси-хикари» өнімінің 5 пайызы ғана жиналған.