Кентуккидегі тасқыннан қаза тапқандар саны өсті
АҚШ-тың Кентукки штатындағы тасқыннан опат болғандар саны 14 адамға жетті.
Олардың дені суыққа шыдас бермей, көз жұмған. Аймақта бірнеше күн бойы жаңбыр жауды.
Қазір төтенше жағдай қызметкерлері мен өрт сөндірушілер ғимараттар мен көліктерде қамалып қалған адамдар мен жануарларды іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су тасқыны Теннесси, Вирджиния мен Джорджия штаттарының тұрғындарын да әбігерге салды. Қазір бұл өңірлерде 80 мыңнан астам үйде жарық өшірілген. Билік ауа райының қолайсыздығы бірнеше күнге созылатынын айтады. Құрбандар саны артуы мүмкін екенін де ескертті.