Д. Трамп В. Путинмен осы айда кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен осы айда кездесуі мүмкін.

Ақ үй басшысы бұл туралы Палм-Пич қаласындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Ресеймен келіссөз өте жақсы өтті. Ресей бірдеңе істегісі келеді. Олар жабайы варварлықты тоқтатуды қалайды. Апта сайын мыңдаған сарбаз өлтіріліп жатыр. Бұл күлкілі. Бітімгершілік келісімнің бір бөлігі ретінде Украинада еуропалық бітімгер әскерді орналастыруды қолдайтын едім.