Израиль әскері палестиналықтардың 16 үйін сүріп тастады
Израиль әскері Иордан өзенінің батысында палестиналықтардың 16 үйін бұзып тастады.
Өткен айда 126 ғимарат сүрілген болатын. Израиль Батыс жағадағы «Си» аумағының 60 пайызын басып алған.
1995 жылғы Осло келісімінде Иордан өзенінің Батыс жағасы «А», «B», «С» деп үш аумаққа бөлініп, Палестинаның қарауына берілген еді. Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 7 қазанында қарулы қақтығыс басталғаннан бері Израиль әскері мен заңсыз қоныстанушылар шабуылынан 916 палестиналық қаза тауып, 7 мыңға жуығы жараланған.