АҚШ шетелдік көліктер импортына 25% салық салады
АҚШ шетелдік көлік импортына 25 пайыз салық салғалы жатыр. Сондай-ақ тарифтер 1 жыл ішінде біртіндеп өсіп отырады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеген.
Осындай шектеулер дәрі-дәрмек пен жартылай өткізгіштер импортына да енгізіледі. Трамп бұл жайында 2 сәуірде мәлімдеме жасайтынын жеткізді. АҚШ бұған дейін Қытай тауарларына 10 пайыз, сондай-ақ Канада мен Мексика өнімдеріне 25 пайыз көлемінде салық салған болатын. Болат пен алюминийге 25 пайыздық тариф енгізілді. Ақ үй басшысы осылайша жаңа жұмыс орындарын құрып, елдегі сауда тапшылығын азайтуға ниетті.