Д.Трамп Байден кезінде тағайындалған прокурорларды жұмыстан шығаруды тапсырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Әділет министрлігіне Джо Байден кезінде тағайындалған барлық федералдық прокурорларды жұмыстан шығаруды тапсырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.
Трамп Әділет министрлігі кейінгі 4 жылда тым саясиланып кеткен, енді азаматтардың сенімін қалпына келтіру керек деді. Осының алдында демократ-прокурорлар Трамптың АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігін жауып, қызметкерлерін жұмыстан босату туралы шешіміне арыз түсірген. Сондай-ақ Ақ үй басшысының АҚШ-та туған шетелдіктердің балаларына азаматтық беруді тоқтату мен Маск басқаратын Тиімділік департаментіне Қаржы министрлігінің төлем жүйесіне кіруіне қарсылық білдірген еді.