Польшада теңіз табанынан 100 келі кокаин табылды

Польша шекарашылары Балтық теңізінің табанынан 100 келі кокаин тапты.

Заңсыз жүктің құны 15 миллион долларға тең. Есірткі мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау бойынша жүргізілген жоспарлы операция кезінде табылды. Әскерилер сондай-ақ сол маңда кемелермен жүрген 7 күдіктіні қамауға алған. Тергеу мәліметі бойынша, кокаин Польшаға Оңтүстік Америкадан жеткізілген. Қамауға алынғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.