Жасанды интеллект жануарлардың эмоциясын тануды үйренді

Жаңа нейрожүйе "Интеллипиг" ((Intellipig)) деп аталады.

Ол тіршілік иелерінің ауруын, күйзелісін анықтай алады. Алгоритмді Ұлыбританиядағы Батыс Англия университетінің ғалымдары ойлап тапты. Әзірге тәжірибе доңыздарға жасалған. Олар жемін жемес бұрын камераға түсіріледі. Содан кейін нейрожүйе бірнеше миллисекундта олардың жай-күйін анықтайды. Алынған ақпарат шаруалардың смартфонына немесе компьютерге түседі. Мамандар жаңа технология мал дәрігерлік диагностиканы дамытуға септігін тигізеді дейді.