В. Путин Эр-Риядтағы келіссөздерді жоғары бағалап отыр
Владимир Путин Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасында өткен келіссөздерді жоғары бағалап отыр.
Бұл туралы Кремль басшысы Санкт-Петерубргтегі "Радар ммс" ғылыми-өндірістік кәсіпорнына барған кезінде тілшілерге сұхбатында айтты. Президент басқосуда талқыланған басты тақырыптың бірі Украинадағы жағдай болғанын атап өтті. Бұдан бөлек тараптар Таяу Шығыстағы ахуал, экономика, энергетика және ғарышты игеру мәселелерін талқылағанын жеткізді. Владимир Путин Мәскеу мен Вашингтондағы екі ел дипломатиялық миссияларының жұмысын қайта қалпына келтіру шешімін де құптайтынын жеткізді.
Ресей, Санкт-Петербург
Владимир Путин, РФ Президенті:
- Келіссөздер өкізудің мақсаты мен тақырыбы - бұл Ресей мен АҚШ қарым-қатынасын қалпына келтіру. Ресей мен АҚШ арасындағы сенім деңгейін арттырмайынша, Украинадағы жағдайды реттеу сынды күрделі мәселелерді шешу мүмкін емес. Телефон арқылы сөйлескенде Дональд Трамп келіссөздерге Ресей де, Украина да қатысатынын айтқан. Ешкім Украинаны шеттетіп жатқан жоқ. Дональд Трамппен кездесу үшін біздің командаларымыз екі жаққа да маңызды сұрақтарды дайындау керек. Бұл қос тарап үшін тиімді шешімдер қабылдау үшін қажет. Ал ол оңай шаруа емес.