Қытай Газа секторына көмек жіберді

Қытай Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді. Ол 6 партияға бөлініп, кезең-кезеңімен тасымалданады.

Газаға жеткеннен кейін азық-түлік гуманитарлық ұйымдарға тапсырылып, кейін тұрғындар арасында таратылады. Жалпы Газада бейбіт бітім күшіне енгеннен кейін аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу жеңілдеді. Бір айда палестиналықтар 57 мың тоннадан аса азық-түлік алған.