Еуропалықтар салауатты өмір салтын ұстанбайды
Еуропада өмір сүру ұзақтығының өсу қарқыны баяулай түсті. Оған тұрғындардың салауаты өмір салтын ұстанбауы себеп.
Тиісті зерттеу нәтижесі беделді «Ланцет» медициналық журналында жарияланды.
Онда еуропалықтардың кейінгі жылдары аз қозғалып, дұрыс тамақтанай, семіздікке жиі шалдығатыны туралы жазылған. Салдарынан жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар көбейген. Ғалымдар Еуропаның 20 еліндегі жағдайды саралаған. Солардың ішінде тек Норвегияда ғана өмір сүру ұзақтығының өсу қарқыны байқалған. Ал ең күрделі жағдай Ұлыбританияда. Сондықтан корольдікте денсаулық сақтау саласында алдағы 10 жылға арналған ұлттық жоспар әзірленіп жатыр.