АҚШ-та жұмыртқа алтынмен тең

АҚШ-та 10 жұмыртқа 7 долларға қымбаттады.

Бұл біздің ақшаға шаққанда 3 жарым мың теңге.  

Шаруалар: «10 жұмыртқаның бағасы тіпті долларға жетуі мүмкін», - дейді. Былтыр наурызда құс тұмауы алғаш рет Техас штатында анықталып, тез арада басқа аймақтарға таралған болатын. Сәуірден бері бұл аурудан 1 адам қайтыс болып, 70-і індет жұқтырды. Кейін елде 159 миллион тауық, күркетауық пен басқа құстар жойылды. 

Дуэйн Джонс, шаруа:

-Қазір жұмыртқа алтынмен тең. Тым азайып кеткендіктен, бағасы аспандап тұр. Әділетті болсын деп 1 адамға әрі кеткенде 20 жұмыртқа сататын болдым. Өйткені алыпсатарлар бәрін алып, тым қымбатқа сата ма деп қауіптенемін.