Еуроодақ қорғаныс саласына €93 млрд бөлуі мүмкін
Еуропалық Одақ қорғаныс саласына 93 млрд еуро бөлуі мүмкін. Бұл ақша бастапқыда коронавирустан кейін экономиканы қалпына келтіру ісіне қарастырылған болатын.
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен осылай деп мәлімдеді. Кейінгі уақытта АҚШ Еуропадан әскерін әкетуі ықтимал деген болжам айтыла бастады. Осыдан қауіптенген ЕуроОдақ қаржы саясатын өзгертуге маңыз беруге көшті. Фон дер Ляйен аталған ұсынысты іске асыру үшін оны ЕуроОдақ елдерінің көбі қолдауы қажет деді. Жалпы «кәрі құрлық» бірлестігі қорғанысын күшейтуге алдағы 10 жылда 500 миллиард еуро құюға ниетті.