Кубада жоғары октандық жанармай енді АҚШ долларына ғана сатылады
Кубада жоғары октандық жанармай бұдан былай тек АҚШ долларына ғана сатылады. Бұл - "Бостандық аралында" осы валютаға сатылатын әлеуметтік жағынан маңызды алғашқы тауар.
«Рейтердің» мәліметі бойынша ресми Гавана мұндай қадамға АҚШ салған санкциялар салдарынан халықаралық нарықта жоғары сапалы жанармайды сатып алуда туындаған кедергілерге байланысты барды. Бірақ бұған көптеген тұрғындар наразылық танытып жатыр. Өйткені елде валюта айырбастау бойынша ресми тетіктер атымен жоқ. Доллар тек көлеңкелі нарықта жоғары бағаммен сауданалады.