ХАМАС халықаралық ұйымға 4 израильдік тұтқынның сүйегін тапсырды

ХАМАС өкілдері Халықаралық Қызыл Крест ұйымына 4 израильдік тұтқынның денесін тапсырды. Арасында екі баланың мәйіті бар.

Енді Израиьльге жеткеннен кейін мамандар марқұмдардың неден қайтыс болғанын анықтайтын болады. Палестиналық қозғалыс мүшелері олардың Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқанын айтады. Тараптар 19 қаңтардан бері тұтқын алмасып жатыр. Осы күнге дейін ХАМАС 20-дан аса Израиль азаматын ал екінші тарап мыңнан аса палестиналық сотталушыны босатты.