Перудің оңтүстігін су басты

Перудің 157 округінде тасқын қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ол шамамен 60 күнге дейін созылады.

Өйткені өңірлерді су басу қаупі жоғары. Жауын-шашын сейілмей тұр. Салдарынан оңтүстіктегі Наска қаласындағы өзендер арнасынан тасып, маңайындағы аймақтарды су шайып кетті. Ел астанасы Лима мен Ика ауданындағы тұрғындарға апат туралы қатаң ескерту жасалды. Өйткені бұл аймақтар жағалауға жақын орналасқан.