Үндістанда ауа райы бидай өндірісіне қауіп төндіріп тұр
Үндістанда биыл бидай аз жиналуы мүмкін. Оған күн райының қолайсыздығы себеп. Бидай негізінен елдің солтүстік-батысында өсіріледі.
Бірақ жыл басынан бері мұнда жауын-шашын қалыпты межеден 80 пайызға аз жауған. Мамандар мұндай күн райы әлі ұзаққа созылатынын болжайды. Үндістан бидайдың әлемдегі екінші ірі өндірушісі. Бірақ қазір қоймалардағы астық қоры кейінгі 16 жылда болмаған ең төмен деңгейде. Мұнда сырттан әкелінетін бидайға 40 пайыз салық салынады. «Енді биыл өнім аз жиналса, билік импорт салығын төмендетуі немесе алып тастауы мүмкін», - дейді сарапшылар.