АҚШ-та мыңдаған оқушы мектепке бара алмай отыр
Лос-Анджелесте жүздеген оқушы көшеге шығып, Дональд Трамптың саясатын қолдамайтынын білдірді.
АҚШ президентінің мигранттарды депортациялау шаралары мектеп оқушыларына зиянын тигізіп отыр. Ата-аналар балаларын мектепке жіберуге алаңдайды. Өйткені қазір көшелерде рейд жүріп жатқандықтан балалардың жүруі қауіпті. Олар да босқындармен бірге ұсталып кету мүмкін. Қазір 700 мыңнан астам оқушы мектепке бара алмай отыр. Құқық қорғау органдар олардың білім алуға құқылы екенін алға тартады.