Египет перғауынының мазары табылды

Археологтар Египет перғауынының жаңа мазарын тапты. Бұл кейінгі 100 жылда болмаған жағдай. Соңғы рет мамандар 1923-жылы Тутанхамон перғауынның мазарын тапқан еді.

Археологтар қазба жұмыстарын 12 жыл бойы жүргізген. Мазар Луксор қаласына жақын жерден табылды. Ол Мысырды 3 жарым мың жыл бұрын билеген Екінші ТУтмосқа тиесілі. Ішінде әшекей заттар мен перғауынның аты жазылған ыдыс сынықтары бар. Бірақ қабірде патшаның сүйегі болмай шықты. Ғалымдардың пайымдауынша, оны салғаннан кейін бірнеше жылдан соң су басып, билеуішінің мәйіті басқа жерге көшірілсе керек.