Ғалымдар туабітті соқырлықты емдеу жолын тапты

Ғалымдар туабітті соқырлықты емдеу жолын тапты

Британиялық ғалымдар әлемде алғаш болып сирек кездесетін генетикалық көз ауруының емін ойлап тапты.

Олар амавроз дертіне шалдыққан балаларға ота жасаған. Бұл көру қабілетін зақымдап, туабітті соқырлыққа алып келетін ауру. Операция барысында дәрігерлер науқастың көз қабығына сау ген орнатқан. Бұл процесс 1 сағатқа созылды. Емделушілер 5 жыл бойы мамандардың бақылауында болған. Қазір олардың жағдайы жақсарып, көру қабілетіне ие.