Техаста кенеттен күн суыды

АҚШ-тың Техас штатында күн қақап тұр.

Солтүстіктен соққан арктикалық жел салдарынан ауа температурасы қалыпты нормадан қатты төмендеген. Сынап бағанасы минус 12 градус. Ал дауылдың екпіні сағатына шамамен 60 шақырымға жетеді. Бұл үйсіз-күйсіз жүргендерге қауіп төндіріп тұр. Осы себепті билік үй-жайы жоқтарға суықта жылыну үшін арнайы уақытша баспаналар құрды. Орталық мамандарының айтуынша, 4 мыңнан астам адам қоныстанып үлгірді. Синоптиктердің болжамына сәйкес, қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады. Арктикалық жел АҚШ-тың орталық бөлігіне қарай жылжуы мүмкін.