Қытайда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Қытайда жарқанаттардан COVID-19-ға ұқсайтын коронавирустың жаңа түрі табылды. Ғалымдар ол адамға жұғуы мүмкін дейді.
Десе де дүрбелеңге негіз жоқ екенін айтады. Зерттеу Гуаньжчоу қаласындағы зертханада жүргізілген. Оған көрші елдегі білікті вирусологтар қатысқан. Мамандар әлі де жіті тексеру қажет екенін айтады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әзірге қолдарында жаңа вирус жайлы қосымша ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.