Франция мектептерінде оқушылардың сөмкесі тексеріледі

Келесі айдан бастап мектепке кірерде француз оқушыларының сөмкелері тексеріледі. Бұл білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылықпен күресу үшін қажет. Өйткені жергілікті жастар арасында суық қару қолдану оқиғалары жиілеп кеткен.
Тексеру күнде емес, бірақ тұрақты түрде өтеді. Оны полицейлер жүргізеді. Қазір тәртібі күдікті көрінсе, мектептегі күзетшілері оқушының сөмкесін тексере алмайды. Бала ішіндегісін өзі шығарып көрсету керек. Бірақ оқушы одан бас тартуы мүмкін. Ал енді полицейлер баладан суық қару тауып алатын болса, ол тәртіптік комиссия алдында жауап береді.