Қытайлық DeepSeek америкалық ChatGPT-дың бәсекелесіне айналды
Жасанды интеллект саласында өнімдер шығаратын америкалық OpenAI компаниясының сервистеріне сұраныс жоғары. Кейінгі 3 айда бүкіл әлем бойынша қолданушылар саны 33%-ке артып, 400 миллион адамға жеткен. Көбінің пайдаланатыны – ChatGPT.
Ірі клиенттер қатарында Uber, Moderna секілді компаниялар бар. Жуырда нарықта қытайлық DeepSeek чат-боты пайда болды. Оған әлемде қызығушылық танытып жатқандар өте көп. Сондықтан сарапшылар америкалық OpenAI компаниясы шығынға батуы мүмкін деп топшылаған еді. Өйткені DeepSeek пайда болған соң небәрі бір тәулік ішінде америкалық технологиялық алпауыттар бір триллион доллар жоғалтқан.