ХАМАС Израильмен келісімнің бірінші кезеңі аясында соңғы тұтқындарды босатады
ХАМАС қозғалысы Израильге бүгін босатылатын тұтқындар тізімін берді. Бітім туралы келісімнің бірінші кезеңі аясында 21 мен 39 жас аралығындағы 6 ер адам босатылады.
Олардың төртеуі 2023 жылдың 7 қазанында тұтқынға алынған, ал қалған екеуі Газа секторында соңғы он жыл бойы қамауда болған. Өз кезегінде Израиль 602 палестиналық тұтқынды босатуы тиіс.
Айта кетейік, оқ атуды тоқтату туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енді.