Канададағы әуе апатынан зардап шеккендерге өтемақы ұсынылды

Канадада апатқа ұшыраған Delta Airlines әуе компаниясы ұшағының жолаушыларына 30 мың доллар көлемінде өтемақы ұсынылды.

Бұл туралы BBC хабарлады. Егер зардап шеккен азаматтар бұл ұсынысты қабыл алса, әуе компаниясы бұл мақсатқа шамамен 2,5 миллион доллар бөлуіне тура келеді.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Торонто халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы қону кезінде аударылып қалды. Оған күн райының қолайсыздығы себеп болды. Соның салдарынан 21 адам жарақат алды.