Израиль палестиналық тұтқындарды босату шешімін кейінге қалдырды
Израиль тарапы 600 палестиналық тұтқынды түрмеден босату шешімін кейінге қалдырды, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені ХАМАС мүшелерінің әрекетіне көңілі толмай отыр. Айтуларынша, палестиналық қозғалыс өкілдері израильдік тұтқындарды босататын кезде оларды көпшілік алдына алып шығып, намысына тиетін әрекеттерге барады. Сондықтан еврей елінің билігі мұны доғаруды талап етті. 19 қаңтардан бері екі жақ тұтқын алмасып жатыр. Кеше ХАМАС 6 адамды босатқан. Жауап ретінде 602 палестиналық түрмеден жіберілу керек еді. Солардың елуі өмір бойы бас бостандығынын айырылған.