Рим полициясы қаладағы шеберханаларда 71 жалған картина тәркіледі

Рим полициясы қаладағы шеберханалардың бірінде жалған картинаны тәркіледі, деп хабарлайды 24kz.

Олар Пикассо, Рембрандт секілді әлемге әйгілі суретшілердің түпнұсқа еңбектері ретінде ұсынылған. Тінту кезінде тәртіп сақшылары ғимараттан бояулар, қылқаламдар, кенептер, сондай-ақ жалған галерея мөрлері мен суретшілердің жалған қолтаңбаларын тапты. Тергеу барысында жалған картиналар интернет-дүкендерде сатылымға шыққаны анықталды.